2011 жылы шыққан АҚШтың "Заражение" деген киносын көріп шықтым. Тура қазіргі кездің көрінісін беріп жатыр. Қытайда, турасын айтқанда Гонконгта ауру жарқанат шошқаға банан тастайды. Шошқа оны жеп тасымалдаушы болады. Шошқаны аспаз жіліктеп, қолын жумастан сол жерде командировкада жүрген американкамен амандасады. Міне тура осы жерден басталады. Сол әйелдің ұстаған затына қолы тигендердің, қасында жүргендердің барлығы ауырып, аяқ астынан қайтыс болады. Билік өкілдері ақпаратты құпия сақтағысы келді. Вирус жылдам тарап, адамдар дүрбелеңге түскенде, биліктің арнайы ақпаратын естігенде адамдар жабайыланып, бірін бірі баса көктеп, құлатып, ұрып магазин тонап, бір бірінің қолындағысын тартып алып жатты. Европа мен АҚШта қазір дүкендерді тонап жатыр. Біздің билік те Алматыда анықталғанын алдын ала білген. Бас санитардың "наконецто, келуі мүмкін" дегені, жаймен құлақ қағыс қыла берейін, алдын ала дайындай берейік дегені екен. Расымен де кейіннен Алматыдан шықты дегенде азық түлікті тонналап алумен шектелдік қой). Сол елдің дүрбелеңі мен уайямынан пайда тапқысы келген блогердің тірлігі біздің масканы 300тг ге, азық түлікті екі есе жоғары бағасына сатып, пайда тапқысы келген пайдакүнемдердің тірлігіне ұқсайды екен. Карантиннің, қолды жуудың, көзді уқалап, бетті ұстай бермеу керек екеннің маңыздылығын осы киноны көрген соң жақсы түсінетін боларсыздар деп ойлаймын. Қолдан тастамайтын телефонды өңдейміз ба сол. Басты көңіл бөлетін нәрсе: ауру қоздырғышы сау адам ағзасына түскен кезден бастап 2 күн мен 14 күн аралығында белгілі мөлшерге дейін көбейіп, сол кезде ғана ауру белгісі біліне бастайды. Оны инкубациялық кезең дейді. Инкубациялық кезең бітісімен адамнан ауру белгілері біліне бастайды. Инкубациялық кезеңде жүрген кезде адам қоршаған ортаға вирустарын бөле береді. Яғни адамда ауру белгісі жоқ. Бірақ сау адамдарға жұқтыра береді. Сондықтан барынша егер демалыс берді ма үйден шықпау керек. Даладан келгенде қолды сабындап жуып, киімдерді ауыстырып, толық жуынып шайынбай, балаларыңызға жақындамаған дұрыс. Ауырмаңыздар ағайындар. #бізбіргеміз

Теги других блогов: кино коронавирус ауру жарқынату