Аллергиялық ринит. Қазіргі кезде экологияның қатты ластануынан, сапасыз, химиялық тағамдардың көптеп шығуынан, қозғалыстың аздығынан, күйзеліске жиі ұшырауынан иммунитетіміздің күрт төмендеп жатқаны бәрімізге аян. Иммунитетіміздің төмендеуінен болатын аллергиялық ринитпен ауыратындар да көбейіп келе жатыр. Соның бірі өзім. Студенттік кезден жабысқан осы ауру арасында мазалап тұрады🙂. Аллергиялық ринит ол сыртқы әр түрлі факторлардың әсерінен соған жауап ретінде мұрынның шырышты қабатының ісініп, қабынуы. Аллергиялық ринит пайда болуына байланысты – маусымдық(сезонный), жыл бойғы және мамандығына байланысты болып бөлінеді. Маусымдық аллергиялық ринит – жылдың бір мезгілінде өсімдіктердің гүлдеуіне немесе пікендегі жиналған шаң тозаңның бөлінуінен, солар дем алғанда мұрынға кіруінен болады. Жыл бойғы аллергиялық ринит – күнделікті қолданып жүрген тұрмыстық заттардан ұшқан тозаңдардың мұрынға кіруінен болады.(клемнен,үйдегі, даладағы шаңдардан, мысық, иттерден, темекі түтінінен, исі өткір әтірлерді сепкеннен т.б.) Мамандық (профессиональный) аллергиялық ринит – ол жұмыс орнындағы ауадағы заттармен дем алуы нәтижесінде болады. Мысалы зауыттарда жұмыс істейтін адамдарда өндіріп жатқан заттардың тозаңымен дем алғанда болады. Мысалы: цемент, әк, краска т.б өңдейтін зауыттарда. Аллергиялық риниттің клиникалық белгілері: мұрнының шырышты қабаттарының ісінуінен бітелуі, тыныс алудың қиындауы, мұрыннан су ағуы, мұрынның қышуы, қайта қайта түшкіру,құрғақ жөтел, көздің жасаурауы, мұрын үстіндегі қанайналымының тежелуі нәтижесінде көзінің асты қараюы. Аллергиялық риниттің диагностикасы: ЖҚА-де эозинофильдердің жоғарылауы, қалыптыда 5% аспайды. ИФА-да Ig E жоғарылайды. 100 ден асып кетеді. Ары қарай ЛОР ға қаралу керек және нақты қандай затқа аллергия бар екенін анықтау үшін тері сынамасын жасауға аллергологқа қаралу керек. Аллергиялық ринитті емдеуде міндетті түрде дәрігер кеңесі алу қажет. Емі: алдымен мүмкіндігінше аллергия тудыратын заттарға жоламауға тырысу керек, профессионалдық болса, жұмыс ауыстырған дұрыс. Ары қарай мұрындағы аллергиялық процессті тежейтін, қабынуды болдырмайтын назальный глюкокортикостероидтар: беклометазон, кленил, назарел, авамис спрейлерін 1доза (50мкг) күніне 2 рет шашу керек. Емнің ұзақтығы 2 айға дейін. Сонымен бірге бүкіл ағзадағы аллергиялық процестің болуына кедергі жасайтын антигистаминді препаратты таблетка түрінде қолданамыз. Жедел кезінде І сатыдағы дәрілер: супрастин, фенкарол, диазолин, фенистил, кетотифен 1 таблетка күніне 3 рет 5-6 күн ішеміз. Ары қарай ІІ және ІІІ сатыдағы дәрілер: Лоратадин, цетрин, парлазин, зиртек, ролиноз, кестин сияқты дәрілерді 1 таблеткадан күніне 1 рет 2 айға дейін ішу қажет. Аллергиялық риниттен емделіп кету екі талай, бірақ емделу арқылы ұзақ уақыт ремиссияға, яғни ауруды ұйқыға жіберуге болады. Аллергиялық риниттің жыл бойғысын емделмей ұзақ жүрсе – бронх демікпесіне(астма) айналуы мүмкін. Ескерту аллергиялық риниттен өз бетінше емделуге болмайды, аллерголог және ЛОР дәрігерімен бірігіп емделу қажет. Аурудың жақсысы жоқ. Ауырмайық ағайын.