Кез келген жедел респираторлы аурулардың емінде басты рөлді атқаратын нәрсе ол- сұйықтықты көп мөлшерде ішу. Сол үшін сұйықтықты қалай ішу жөнінде арнайы пост жазайын деп шештім. Себебі: денеге вирус, бактерия түскенде ол токсин бөледі, ол дене қызуының жоғарылауына алып келеді, мұрынның, бронхтың шырышты қабаттарына қақырық, шырыш бөлінеді, қабыну үрдісі орын алады. Дене қызуының жоғарылауынан қанның сұйық бөлігі буланып ұшып кетеді де қан қоюланып қалады. Ағза сусызданады. Ары қарай шырышты қабаттарыныңда құрғауы болып, бөлінген шырыштар кеуіп қалады. Кепкен шырыштар бронх қабырғаларында тұрып қалып, бітеледі, обструктивті бронхит пайда болуы мүмкін. Және бүйрекке зәр жиналуы бұзылады. Бүйрек жұмысы істен шығуыда мүмкін. Және ұзақ уақыт қызу жоғарылап тұрса, мида өзгеріс болып, ми қызадыда, құрысу пайда болады. Қоюланған қан және өкпеде қабыну пайда болса, ағзаға оттегі жеткізуін төмендетеді, гипоксия пайда болады. Бұл жағдай микробтардың тез көбеюіне жағдай жасайды. Сондықтан су ішудің маңызы өте зор. Қажетті мөлшерде су ішілсе: -алдымен қанның көлемін ұстап тұрады. -қақырықты жібітіп, сыртқа шығаруына жағдай жасайды. - көп су ішкен бала көп кіші дәретке шығадыда, микробтар мен токсинді сыртқа шығаруына көмектесіп, көбеюіне кедергі жасайды. Иммуниттеттің өз жұмысын атқаруына мүмкіндік береді. -бүйрек жұмысын жақсартады. -құрысу ұстамасының алдын алады. Тек қана сұйықтықты қажетті мөлшерде беріп, аннтибиотиксіз, вирусқа қарсы дәрілерсіз емдеп шығуға болады, ал сұйықтықты көп мөлшерде бермей, антибиотик, вирусқа қарсы дәрілермен аурудан жазылу мүмкін емес. Сұйықтық:қайнаған су, газсыз су, колдан жасалған қантсыз компот, сорпа осыларды ғана беру керек. Сұйықтықты мына формуламен беру керек, сол кезде қанша ішкенін анық біле аласыз: Балаға алғашқы 10 кг.ға дейін 100мл/кг. Яғни бала салмағы 10кг болса 1000мл-1 литр сұйықтық ішеді. 20кг.ға дейінгі балалар алғашқы 10 кг.на 100мл/кг салмаққа, ал 10 нан 20кг.ға дейін 50мл/кг салмаққа ішеді. Мысалы 16кг болса алғ 10кг.ға 100млден 1000мл, қалған 6кг.ға 50мл.ден 300мл береміз. 16кг балаға 1300мл болады. 20 кг.нан жоғары салмаққа алғашқы 10кг.ға 100мл.ден 1000мл, 10-20кг арасына 50мл/кгнан 500мл, 20дан ары қарай 1кг салмаққа 25мл.ден береміз. Мысалы бала салмағы 24 кг болса, алғ 10кг.ға 1000мл, келесі 10кг.ға 500мл, келесі 4 кг.ға 25мл.ден 100мл. Барлығы 1600мл сұйықтық ішкізуіміз керек. Мысалы мына 1300мл суды тәуліктің 24 сағатына бөліп ішкізу керек. 1300:24=55. Сағатына 55мл беріп отыру керек. Егер балада дене қызуы жоғарылап, ұйықтап қалса суды бермей қоюға болмайды. Ол кезде шприцпен аузына жәймен тамызып отырамыз. Тәулігіне сол көлемдегі суды берсе, баланың жағдайы жақсаруы байқалады. Одан соң бөлмені жиі желдетіп отыру керек. Үй температурасы 20-22градус болу керек. Бөлменің ылғалдылығын қамтамасыз ету керек. Ол үшін жылыту жүйесіне қайта қайта ылғалды шүберектерді қойып отыру керек. Және дене қызуы 38,5* жоғары болса парацетамол 15мг/кг салмаққа беру керек.

Теги других блогов: ауру сұйықтық су ішу