Ротавирусты гастроэнтерит Қыстың суығындада ішек инфекциясы азаймай отыр. Ата аналар: біз баламызға тұрып қалған, бұзылуы мүмкін тамақтарды берген жоқпыз, іш өтуі, құсуы қайдан пайда болуы мүмкін,- деп түсінбей жатуы көп кездеседі. Бұл жаздағы тұрып қалған тамақтарды және қауын қарбыз жегендегі бактериялды инфекция емес, бұл вирусты ауру. Кейбір жерлерде ішектің тұмауы деп те аталады. Ротавирусты инфекция диарея, құсу, дене қызуы жоғарылауы және катаральді белгілерімен жүретін ішектің вирусты ауруы. Бұл ауруға көбінесе 3 жасқа дейінгі балалар ауырады. Бұны иммунитеттің жетілмеуі және кішкентай баланың әр нәрсені аузына сала беретіндігімен түсіндіріледі. Ротавирусты инфекциясы жиілігі жағынан ЖРВИден соңғы 2-і орынды иеленеді. Ротавирусты Реовиридей вирусы таратады. Бұл вирус суда, топырақта, тағамдарда 12 айға дейін сақталады және дезинфекциялық ерітінділерге тұрақты болып келеді. Сәйкесінше Ротавирус инфекциясы су, тағам, әр нәрсені ұстаған қолмен тамақ жегенде ауыз арқылы асқазанға, одан ішекке түседі, ауалы тамшылы, яғни демалғанда, түшкіргенде,жөтелгенде жұғуы мүмкін. Ротавирусты аурулар күз, қыс айларында өршіп кетеді. Вирус ішекке түскен оң тез көбейе бастайды. Иммунды жүйе оны танып, қарсылық көрсетем дегенше шамадан тыс көбейіп, ішекттердің қабығын зақымдайды. Клиникалық белгісі: Ротавирус қоздырғышы ішекке түскен соңғы 1-4 күннен соң іші өту, құсу, қызуы жоғарылау пайда болады. Ауырлығына байланысты жеңіл, орташа, ауыр түрі болып үшке бөлінеді. Жеңіл түрінде дене қызуы қалыпты болады, құсу 2-3 рет болуы мүмкін, ал нәжісі 4-5 рет сұйықтау немесе ботқа тәрізді болады. Орташа түрінде дене қызуы 38,0*С-ге дейін жоғарылайды, 5-6 ретке дейін құсу және 10-15 рет су тәрізді, иісі нашар, көпіршікті болады. Ауыр түрінде: дене қызуы 38-39,0*С дейін жоғарылайды, 5-6 рет құсу болуы мүмкін және 15-20 рет су тәрізді иіссіз, өте көп мөлшерде сұйық нәжіс болады. Баланың іші ауырсыну болады, ішектерінде шұрыл пайда болады, сусыздану пайда болуы мүмкін. Және дене қызуы 1-2 күн, құсу 2-3 күн ғана мазалайды,ал сұйық нәжісі 7-8 күн бойына болады. Және бұл вирусты инфекция болуы себепті катаральді белгілер болады: тамағы қызару, аздап ауырсыну, мұрнынан су ағу пайда болады. Анықтауы: диагнозды науқастан сұрағаны, дәрігердің қарауы, клиникалық белгілері бойынша және нәжісті ротавирусқа ПЦР тексеруі бойынша қойылады. Емдеуі: бұл вирусты инфекция болғандықтан антибиотикке жүгірудің қажеті жоқ. Жеңіл, орташа түрінде үй жағдайында емдеуге болады. -регидрон. Жеңіл түрінде қанша көлемде сұйық нәжіс болды, сол көлемде ғана беріледі. Орташа түрінде 75мл/кг салмаққа есептеледі. Әр кг-ға 75мл регидрон. Мысалы 10 кг бала болса 750мл регидрон ішу керек. Ерінбей отырып бере берсе тез жазылуға және асқынуларды болдырмауға мүмкіндік бар. -смекта. Микробты токсинімен бірге өзіне жабыстырып алады да сыртқа шығарып тастайды. (адсорбент) -сұйықтықты көп мөлшерде ішу, белок, витаминдерге, белокқа бай тағамдарды қабылдау керек. -дене қызуы жоғарыласа парацетамол береді. Ауыр түрінде стационарға жолданып, көктамыр арқылы сұйықтықтарды енгіземіз. Бұл аурудың кезінде антибиотик ешқандай көмектеспейді. Вирусты ауру. Бұның ерекшелігі – сұйықтықты беріп, тамақтануын қадағаласақ 7-8 күнде өзінен өзі жазылып кетеді. Алдын алу жолдары: -Міндетті түрде жеке бас гигиенасын сақтау керек. Кез келген нәрсені ұстаған соң мейлінше қол жуып отыру, өзінің заттарын ғана пайдаланған жөн. -адам көп жиналатын жерлерге бармауға тырысу. -суды және тамақты дұрыстап қайнату керек. Денсаулықтың қадірін сауымызда білейік.

Теги других блогов: инфекция гастроэнтерит ротавирус