Ангина (баспа) Ангина баспа деген ауруға көп ата аналардың жеңіл қарайтынын байқап жүрмін. Ол дегеніміз ата аналардың толық ақпараттандырылмағанынан және білуге деген ұмтылыстың жоғынан деп білемін. Себебі ангинаның шын мәнінде қандай екенін білсе шындап көңіл бөлерме еді? Ангина(баспа) деген сөз латын тілінпен алғанда «тұншықтыру»,-деген мағына береді, яғни бадамша безінің әр түрлі микробтардың әсерінен қабынып, аурыуы, іріңдеуі. Ангина көп 90% жағдайда гемолитикалық стрептококтың әсерінен пайда болады.. Бадамша безінің іріңдеуі сол жерге жиналған стрептокок пен ағза іскері лимфоциттің қырылған қалдықтары Баспа(ангина) бірнеше түрге бөлінеді: -катаральді баспа. Көбінесе вирустар алып келеді. Дене қызуы жоғарылайды, мұрнынан су ағу, жөтел, бадамша безінің қызарып, ісінуі болып, тамағы ауырады. Бұл жағдайда антибиотик тағайындаудың еш пайдасы жоқ. Вирусқа қарсы дәрілерді тағайындаған дұрыс. -фолликуляры баспа. Жиі Стрептокк 95%, өте сирек жағдайда стафилокок 3% әсер етуінен соң пайда болады. Дене қызуы 39,0-40,0*С жоғарылауы, басы ауыруы, тамаққа тәбеті төмендеуі, тамағының ауыруы, жұтудың қиындауы, бадамша бездерінің існуімен, нүкте тәрізді іріңдер болады. -лакунарлы баспа. Жиі Стрептокк 95%, өте сирек жағдайда стафилокок 3% әсер етуінен соң пайда болады. Дене қызуы 39,0-40,0*С жоғарылауы, басы ауыруы, тамаққа тәбеті төмендеуі, тамағының ауыруы, жұтудың қиындауы, бадамша бездерінің існуімен, ақшыл сары үлкен үлкен жабынды(ірің) болады. -фибринозды баспа. Лакунарлы баспаға ұқсайды, тек бадамша безіндегі іріңді жабынды (гнойный налет) тұтастай жауып кетеді, тіпті бадамша безінен асып, таңдайға дейін кетуі мүмкін. -флегманозды баспа. Фолликулярлы баспаның асқынған түрі. Бадамша безінің қатты ісініп, іріңнің ортасында қалып, сыртынан капсула түзуі. (абсцес). Оны паратонзиллярлы абсцес деп те атайды. Бұл жерде ЛОР дәрігерінің араласуымен ота арқылы ғана шешілетінін ұмытпаған жөн. -герпесттік баспа. Герпес вирусының шақыруымен пайда болады. Бұл жерде де дене қызуы жоғарылайды, тамақ ауырады, және тамаққа, ауыз айналасына көпіршікті бөртпелер пайда болады. Ацикловирмен емдеу барысында көпіршікті бөртпелер жарылады, дене қызуы төмендеп ауру жазылады. Диагностикасы: баспаны дәрігер клиникалық белгісіне қарап анықтайды, және жалпы қан анализін алу арқылы, бадамша безінен стрептококқа жұғынды алып, оны егу арқылы анықтайды. Емі ангинаның негізгі бірден бір емі антибиотик. Стрептокок болғандықтан пенициллин тобы. Ауыр жағдайда пенициллин, ампициллин бұлшықетке, көктамырға күніне 4 рет салу арқылы ауруханада емдейді. Жеңіл, орташа жағдайында синтезделген пенициллин өнімдері: амоксиклав, агументин, флемоксин солютаб арқылы үйде емделеді. Егер пенициллин тобына аллергия болса онда цефалопориндер (цефазолин І поколение, Цефуроксим ІІ поколение, Цефтриаксон ІІІ поколение)арқылы емделеді. Қалғкандары симптоматикалық: тамақ ауырсынуын басу үшін тамақты фурациллинмен шаю керек, ингалипт, гексорал шашу(ескерту: екі жасқа дейінгі балаларға спрей шашуға қатаң тиым салынады), қызу жоғарыласа парацетамол, ибуфен, сұйықтықты көп мөлшерде ішу керек. Қатаң тиым салынады: ангинада бадамша безді басуға. Себебі басқан кезде бетіндегі ірің ғана алынады да, тереңде орналасқан микробпен ірің қанға өтіп кетуі мүмкін. Ондай жағдайда сепсис дамиды, өлімге әкеп соғуы да мүмкін. Люгольмен сүртуге: люгольдің құрамындағы иод баланың тамағын күйдіріп тастайды. Және емшіге барып дем салдыруға, хижама жасатуға болмайды. Ангинаның негізгі емі антибиотик. Ангинаны уақытылы және дұрыс емдемесе: отит(құлақ қабынуы), ларингит(жұтқыншақ қабынуы), менингитке әкеледі және ең қауіптісі Ревматикалық кардит, яғни жүрек қақпақшаларының ақауы, бүйректе гломерулонефрит, кейін бүйрек жетіспеушілігі орын алуы, ревматиттік артрит, буындардың қабынуы орын алуы мүмкін. Себебі стрептокок инфекциясының құрамында дәнекер тінде кездесетін пептид белогы болады. Иммундық жүйе инфекциядағы пептидді жоямыз деп жүрек, бүйрек, буындағы дәнекер тіндеріне де шабуыл жасайды. Алдын алуы: үйде ангинамен ауырып жатқан адам болса басқаларынан оқшаулау керек, тіпті ыдыс аяғына дейін бөлектеу керек. Қолды сабынмен жиі жуып отыру қажет. Иммунитетті көтеру үшін витаминге бай тағамдарды беру керек. Ауырмаңыздар, ауыра қалған жағдайда тез арада дәрігерге көріну керек.

Теги других блогов: лечение ангина баспа