Ларингит Күндіз тым жақсы ойнап жүретін балалардың таңғы сағат 03:00 мен 07:00 арасында дем алуы қиындап,үрген тәрізді жөтел, тамағының қырып, ауыруынан оянып аяқ асты әбігерге түсіретін ауру – Ларингит. Ларингит деген латын тілінен аударылған, яғни «көмей» деген сөз. Ларингит әр түрлі факторлардың әсерінен дауыс шығаратын саңылаудың ісініп, және шырыштың жиналуынан ауа өтуінің және дауысы шығуы қиындайтын ауру. Бұл ауру көбінесе аллергиялық-қабынулық болып келеді. Ларингитке алып келетін себептер: -Вирустар: қызылша, грип, парагрип т.б.. Вирустар ағзаға өздерінің қабынулық токсинін бөледі, сол токсиннің әсерінен бүкіл шырышты қабаттар ісінеді. Ал көмейдің дауыс шығаратын байламдары өте сезімтал болғандықтан және сол жерден жоғарғы тыныс жолдарының ең тар жері болғандықтан азғантай ісінудің өзі тыныс жетіспеушілігіне алып келе алады. -бактериялар: стафилокок. Сирек кездеседі және вирусты қабынуға ұқсас болып келеді. -аллергиялық. Әр түрлі химиялық газдармен тыныс алғанда және адам ағзасында аллергия болғанда дауыс саңылауының ісінуі пайда болады. -ыстық,құрғақ ауамен ұзақ тыныс алғанда көмей ісініп, қабыну пайда болады. -шаңды, лас ауамен ұзақ тыныс алғанда. Үйдің іші тазаланбай, шаң тозаң көп болса -ұзақ уақыт қатты айқайлағанда, ұзақ жылағанда пайда болады. -көмейдегі пайда болған ісіктенде ауа өтудің қиындауы. -ыстық, салқын, құрғақ, ашшы, тұздалған асты көп қабылдағанда да пайда болуы мүмкін. Ларингиттің белгілері: -аяқ астынан таңға жуық бала ентігіп, дем алуы қиындап оянады. -даусы қарлығып, үрген тәрізді жөтел пайда болады. -тамағы қырып ауырады, бала жөтелген сайын мазасызданады. -егер инфекциялық болса, катаральді белгілер пайда болады(дене қызуы жоғарылауы, әлсіздік, бас ауыру, мұрны бітелу т.б.) Ларингиттің белгілері байқалса бірден дәрігер шақыру керек. Дәрігер келем дегенше үй жағдайында нестеуге болады? -жылы сұйықтықты көп ішу керек. Сұйықтықты көп ішсе интоксикацияны басады, қанның көлемін ұстап тұрады және қақырық, жабысқақ шырышты жібітеді. -ыстық сүтке май салып ішкізу керек, себебі көмейді жұмсартады, ауырсынуды басады. -дене қызуы38,0*С-ден жоғарыласа парацетамол 15мг/кг салмаққа беру керек. Және ең бастысы үйді желдетіп, 18-20*С та ұстап тұру керек. Ылғалдылығын қатамасыз етіп отыру қажет. Көп ата аналар балам ауырып қалады деп үйін қымтап жауып, өте қатты ысытып қояды. Ол дұрыс емес, себебі ыстық және құрғақ ауадан тыныс жолдарының шырышты қабаттары кеуіп кетеді, сосын ары қарай қабыну пайда болады. Үйде арнайы ауа ылғалдандырғыш жоқ болса, жылытқыш жүйеге ылғалды шүберектерді салып отыру қажет. Тағы бір ескертетін жағдай ларингитті дұрыс және уақытылы емдемесе созылмалы түрге өтіп кетуі мүмкін. Сондықтан барынша сақтану қажет және ерте дәрігерге қаралып, толық емін алу қажет.

Теги других блогов: заболевание симптомы ларингит