Жұқпалы аурудың тағы бір түрі ол: Скарлатина Скарлатина – ауру адамнан сау адамға ауалы тамшылы жолмен жұғып, дене қызуы жоғарылап, бөртпе шығатын жұқпалы ауру. Скарлатина бактериалды ауру, яғни гемолитикалық стрептококпен шақырылады. Жұғу жолдары: Скарлатина ауалы тамшылы жолмен яғни ауру адам және тасымалдаушы адам жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде сау адамның мұрны арқылы адам ағзасына өтеді. Мұрынға түсе салысымен бактерия көбейіп, эритротоксин бөледі. Эритротоксин қан тамырлардың қабырғасының бүтіндігін бұзып, өткізгіштігінжоғарылатады. Тері астындағы майда капилярлар жарылып, ұсақ нүктелі бөртпе түрінде көрінеді. Скарлатина ауруына көбіне жасқа дейінгі балалар шалдығады. Оларда иммунитеттің дұрыс жетілмеуіне байланысты. Клиникалық көрінісі: дене қызуы 39-40*С-қа дейін жоғарылайды, жалпы әлсіздік, бас ауыруы болады. Стрептококты инфекция болғандықтан ангина пайда болады, яғни бадамша безі ісініп, іріңді жабынды пайда болады. Аурудың 2-3-і күні денесінде ұсақ нүктелі бөртпе пайда болады. Бұл бөртпенің басқа да аурулардан ерекшелігі: жамбаста, қол-аяқтың бүгілетін жерінде және іштің төменгі жағында бөртпелер қою болып, жолақ тәріздес болады және мүрынның асты, еріннің үстінде(мұрын-ерін үшбұрышы) бөртпе болмайды. Терілері жарылып кеткен сияқты сезіледі. Және скарлатинамен ауырған адамның тілі қызыл жылтырап, бүрлері ісініп кетеді(малиновый язык). 6-7күннен соң жазыла бастайды. Бөртпелер кетеді және эритротоксиндер теріні зақымдағандықтан тері түлеп түсе бастайды, әсіресе алақанмен табан терілері. Асқынуы: скарлатинамен ауырып, дер кезінде дәрігерге қаралмай, ем алмай жүре берсе- инфекциямен күресуге алдымен иммунитет келеді. Иммунитет стрептококк инфекциясының құрамындағы пептид белогын жоюға күш салады. Ал ондай белок адам ағзасындағы дәнекер тіндерінде де кездеседі, олар жүрек қақпақшалары, буындарда және бүйректерде. Иммунитет осы аталған ағзадағы дәнекер тіндерінде жойып жіберуі мүмкін. Сәйкесінше төмендегідей асқынуларға алып келеді: -буынның ревматойдты қабынуы. Буындардың қызарып ісінуі, ауырсынуы. Скарлатина кезінде буындардың қабынуы екі жағында бірдей(симметриялы болады). Толық емделген соң буынның қабынуы қайтып, толық қалпына келеді. -жүрек қақпақшаларының зақымдануы. Жүрек қақпақшалары қалыңдап, қатаяды. Өзінің иілгіш қасиетін жоғалтады. Нәтижесінде жүрегінде ақау пайда болады. Өкінішке орай бұл ақау өзінен өзі қайтып келмейді. Тек ота жасау арқылы ғана қалпына келтіруге болады. -бүйректің зақымдануы. Дене қызуы қайтадан жоғарылайды, бүйрек тұсы ауырып, зәр бөлуі азаяды. Жедел гломерулонефрит пайда болып, жедел бүйрек жеткіліксіздігі пайда болуы да мүмкін. Скарлатинамен толық емделген жағдайда бүйрек толық орнына келеді. Емі: Кез келген инфекциялық аурудың емі ол сұйықтықты өте көп мөлшерде ішу. Сұйықтықты көп ішу арқылы интоксикацияны төмендетеді, қан көлемін ұстап тұрады, аурудың жеңіл өтуіне көмектеседі. -дене қызуы жоғарыласа: парацетамолмг/кг салмаққа. Яғни 10кг балаға 150мг. -антигистаминді препараттар. Супрастин т.б. -тамақты фурациллин ерітіндісімен, ромашка тұнбасымен әр 1 сағат сайын шаю керек. - және ең негізгі емі ол антибактериалды ем: пенициллиндер қатары. Ампициллин, амоксиклав, агументин, флемоксин солютаб т.б. Скарлатинаның белгісі байқалған бойда дәрігерге қаралу керек. Алдын алуы: Өкінішке орай скарлатинаның вакцинасы жоқ. Адам көп жиналатын жерге бармау, таза ауада серуендеу, үйді желдетіп отыру. Даладан келгенде беті қолын сабындап жуу және дұрыс тамақтану керек. Кез келген аурудан толық сақтану мүмкін емес. Ауыру белгісі байқалған жағдайда дәрігерге көрініп, тез емін бастап асқынудың алдын алу керек. Ауырмайық ағайын.