Қызылша(Корь) 2018жылы маусым айында Алматы облысында, кейін басқа да аймақтарға менингит ауруы тарап, халықтың үрейін алған болатын. Сол кезде халықтың көпшілігі:неге менингитке қарсы вакцина ақылы,- деп шағым айтқан болатын. Ал енді қазір тегін вакцинаны салдырудан бас тартушылардың көбеюінің салдарынан елімізде қызылша ауруы таралуда. Қызылша ауруыда ауыр түрде өтіп, өткізіп алған жағдайда бала өліміне әкелуі мүмкін. Қызылшадан сақтанудың бірден бір жолы ол – вакцина алу. Қызылша – ауалы тамшылы жолмен жұғатын, ауыз, мұрын, көздің шырышты қабаттарының қабынуымен, дене қызуы жоғарылаумен және бастысы бөртпе шығуымен жүретін жұқпалы вирусты ауру. Жұғу жолдары: Қызылша ауруы ауру адамнан сау адамға түшкіргенде, жөтелгенде, сөйлегенде ауа арқылы сау адамға өтеді. Ауру қоздырғышы түскен кезде сау адамның мұрын қуысында, тамағында тұрақтап көбейе бастайды. Қызылшаға қарсы екпе алмаған адамны иммунды жүйесі танып, ауруды зерттеп үлгерем дегенше қызылша вирусы белгілі дәрежеде көбейіп,клиникалық белгілерін береді.Қоздырғыш түскен кезден 1-2 аптадан соң ауру белгілері біліне бастайды. Қызылшаның белгілері: бұл ауру алдымен катаральді белгілерден,мұрын бітелуі, құрғақ жөтел және дене қызуы 39-40*С-қа дейін жоғарылайды. Тамаққа тәбеті төмендеп, бала мазасыздана бастайды. Тіпті басын көтере алмай жатып қалуы мүмкін. Оған көздің шырышты қабығының қабынуы(коньюнктивит) қосылып, бала жарыққа қарай алмайды. Ауру басталған соң 3-і күні ұртында тарыдай ақ дақтар пайда болады. Сол дақтар пайда болған соң ұсақ, бір біріне ұқсап кететін, қосылуға бейім ақшыл бөртпелер шыға бастайды. Бөртпелер этапты яғни алдымен бетке, маңдайға,содан соң мойын кеуде, содан соң ішке, қол аяққа шыға бастайды. Беті ісініп кетеді. Бөртпелердің осылай этапты түрде шығуы тек қызылшаға ғана тән. Қызылша ауруы катаральді белгілері басталғаннан бастап, бөртпе шыққаннан соңғы 4 күнге дейін жұқпалы,5-і күні жұқпайды. Жазылу кезінде бөртпелер басынан бастап жойыла бастайды. Асқынуы: Қызылша ауруының асқынуы құлақтардың қабынуы(отит),пневмония, лимфа түйіндерініңұлғаюы және менингитке, тіпті соқырлыққа алып келуі мүмкін. Асқынуы 5 жасқа дейінгі балаларда және ересектерде жиі кездесіп, ауру ауыр өтеді. Емі: Жедел респираторлы аурулардың әсіресе қызылшаның дамуын байқаған сәтте кешіктірмей дәрігерге қаралу керек. Асқынбай тұрғандағы қызылшаны емдеу үшін төсекте жату режимі,суды көп ішу, қызуын түсіретін ,тұмау және тамақ ауруын, қақырықты түсіретін препараттар мен витаминдерді қабылдау.үйді желдету және ылғалдылығын қамтамасыз ету. Ал қызылшаның асқынған түрін емдеу стационар жағдайында жүргізіледі. Қызылшаның алдын алу:Қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі вакцинация болып табылады.Қылылшадан егу вирусты жасанды жолмен тоқтату, нәтижесінде ағза өзін қорғайтын иммунитет жасайды.Ең алғашқы вакцинацияны балаларға 12 айлығында , екіншісі 6 жаста жасалады.Егу 15 жасқа дейін өте сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Қызылшаға қарсы екпе алған балаларда осы аурумен ауыруы мүмкін. Бірақ ол жеңіл өтеді және асқынуларға алып келмейді. Қызылшаға қарсы екпе алмаған балаларда өте ауыр өтуі, тіпті өлімге алып келуі мүмкін. Сондықтан аурудың, асқынудың алдын алудың сенімді жолы екпе яғни вакцинация.