Жаңа жыл басталысымен қатерлі ауруларды ерте анықтау мақсатында скринингтік тексерудің қызып сала беретіні анық. Сол скринингке бізде шақырудамыз.
Бүгін жұмыстан шыққан соң дүкенге кіріп, кезек күтіп тұрғанмын. Жасы 50 лерден асқан ер кісі мен сол шамалас әйел адам самбырлап сөйлеп тұр екен. Тыңдамайын десеңде дауыстары жарқын шыққан соң еріксіз құлақ түресің. Сондағы екеуінің айтқаны: мені скрингтік тексеруге шақырып жатыр. Алтын уақытымды қиып қалай барамын. Бармаймын, керек болса қолхат жазып беремін,-дейді. Оны екіншісіде: әрине, оған уақыт қайда. Қолхат жазып бере саламыз. Басымызды шауып ала қоймас,- деп қоштай жөнелді. Керек затымды алып болып соларға қарадымда: сіздер дұрыс айтасыздар. Уақыт өте тапшы. Скринингке уақыт жоқ. Скринг деген қатерлі ауруларды ерте сатысында анықтау, уақытылы емін жасауғой. Сондағысы: қан қысымын өлшеп, холестерин, глюкозаға қан тапсырып- инсульт, инфарктың алдын аласыздар. Көз қысымын өлшеп- глаукоманың алдын аласыздар. Яғни соқыр болудан сақтануға болады. Маммографияға түсіп- сүт безінің қатерлі ісігін ерте анықтаса емдеуге оңай. Және жатыр мойнының рагын ерте анықтауға, ал нәжіс тапсырып тоқ ішектің қатерлі ісігін ерте анықтауға болады. Осы жылы тексерілмесеңіздер келесісі екі жылдан соң тексеріледі. Егер қазір жеңіл дәрежесі болса, ол келесі тексергенше асқынып кетсе, сол кезде уақытыңыз өте көп болады. Ауруханадан шықпайтын боласыз.
Қазір болғаны 6 кабинетке кіресіз. Содан екі жыл бойы сізді ешкім мазаламайды.
Мен инфаркт, инсульт алған, рак ауруын өткізіп алған адамдарды күнде көрем. Көбісінің айтатыны: әттең, сол шақырған уақытта барып тексерілгенде, ерте сатысында анықтағанда мынадай қорлыққа шыдап, бейшара халге түспеспе едік. Жұмысқа да жарамсыз болып қалдық. Бір ғана арманым бар: тұрып, жүріп жұмыс істесем, шаршап келіп ұнатқан тамағымды жеп, ұйқыны соқсам, басқа арманым жоқ деп өкінеді. Рас айтам. Мен дәрігермін. Бір екі күн ғана уақытыңыз кетеді. Есесіне екі жыл алаңсыз жүресіздер. Сіздердің денсаулықтарыңыз өздеріңізден басқа ешкімге керек емес. Өтпесеңіздер басқа адам табады, басқалар өтеді,- деп айттымда есікке қарай беттедім. Есіктен шығып бара жатып артыма көз салсам, сатушыдан бастап барлығы үнсіз көздерін жерден алмай қатып қалғандай көрінді.
Айналайын достарым. Скринингтік тексеруден өтіңіздер. Мына жасқа жеткендеріңіз болса, ата аналарыңыз, туысқандарыңыз болса өтіңіздер.
Асқындырып алған қатерлі ісіктің зардабын, инфаркт, инсульт алғандардың азабын біреуіңіз біліп, біреуіңіз білмессіздер. Мен оны өте жақсы білем.
Скринингке асығыңыздар.