Пневмония! Пневмония! Пневмония!
Жедел респираторлы аурулардың ішіндегі ең қауіптісі, балалар арасында ауы өтетіні, тіпті кешіктірілген жағдайда өлімге де алып келуі мүмкін ауру ол- пневмония!
Пневмония дегеніміз: әр түрлі факторлардың(вирус, бактерия, саңырауқұлақтар т.б) әсерінен өкпенің барлық тіндерінің(бронх, бронхиол және альвеолаларының) қабынуынан пайда болып, оттегінің өкпе арқылы ағзаға, ағзадан көмірқышқыл газының өкпе арқылы сыртқа шығуына кедергі жасайды.Нәтижесінде ағзада оттегінің жетіспеуі яғни гипоксия пайда болады.
Қалыпты жағдайда ауаның құрамында вирустар, бактериялар болып, өкпеге түсіп отырады. Өкпедегі қозғалып тұратын кірпікшелер оларды сыртқа шығарып, қалғанын ағзаның иммунды жүйесі жойып отырады. Ал балаларда иммунды жүйесіде, бронхтардағы кірпікшелерде дұрыс жетілмеуінен пневмонияға шалдығуы жиі.
Ауру адамнан сау адамға микробтың көп мөлшерде түсуіне байланысты сыртқа шығарып және жойып үлгере алмайды. Ұзақ кідірген микробтар қабыну үрдісін тудырып, бронх бүтіндігін бұзады. Сол жерге микробтар қонып, көбейе береді. Солай қабыну үрдісі жайыла бастайды. Ары қарай қабыну бронх қабырғаларынан өтіп, өкпе ұяшықтарына жетеді. Үяшықтарға су жиналып, оттегі мен газ алмасуына толық кедергі жасайды. Қабынудың өкпе ұяшықтарына жетіп, су жиналып, толық бітеуін пневмония деп атайды.
Пневмония зақымданған өкпесіне байланысты: оң жақтық және сол жақтық болады.
Зақымданған жеріне байланысты:ошақты яғни 1-2см көлемідегі ұяшықтарды зақымдайды
Сегменттік:оң жақ өкпе 3, сол жақ 2 сегменттен тұрады. Тұтастай бір сегментті қамтыса сегменттік пневмония болады.
Бір өкпені тұтастай қамтыса: круппозды болады.
Және пневмония қай жерде пайда болуына қарай:
-Ауруханадан тыс: яғни үйде, басқа жерде.
-Аурухана ішілік: ауруханада басқа аурумен жатқан кезде пневмония ұоздырғышы түсіп пневмония пайда болуына байланысты айтылады.
- Жатыр ішілік. Ана құрсағында жатқанда жұғуы мүмкін.
Пневмонияға көп жағдайда- пневмокок бактериясы алып келеді. Одан кейін вирустар, стафилококк, стрептококктар.
Пневмонияның клиникалық белгілері:
-бірнеше күн бойына құрғақ жөтел
-дене қызының өте жоғары деңгейге көтерілуі 39-40*С-ге дейін жоғарылауы.
-әлсідік. Бала жата береді немесе ыңылдап мазасызданды.
-тамаққа тәбеті болмауы, тамақта, суда ішпеуі. Су ішпей жатып алады.
-ентігу болады. Себебі газ алмасатын ұяшықтар бітеліп қалған соң ағзада отттегі жетіспеушілігі болады.
Пневмонияны жалпы қан анализі, рентгенография арқылы анықтайды. Және қақырықты бак себу арқылы микробтың қандай түрі және қандай антибиотикке сезімтал екенін анықтауға болады.
Емделуі:
-жылы сұйықтықты өте көп ішу керек. Интоксикацияны басады, қақырықты жібітеді.
-мұрын жолдарын тазарту керек. Себебі мұрын қуысына орналасып алған микробтар көбейіп, ары қарай тарала береді.
-бөлмені желдетіп отыру қажет
-бөлменің ылғалдылығын қамтамасыз ету керек.
Және ең бастысы ауру басталғанда міндетті түрде дәрігердің бақылауында болу қажет.
Алдын алу жолдары:
- Пневмонияның ең жиі кездесетін түрі: пневмококпен шақырылатын болғандықтан – пневмококөа қарсы вакцина алып алған дұрыс.
- Адам көп жиналатын жерге мейлінше жоламаған дұрыс.
- Бөлмені жиі желдетіп отыру қажет.
- Үйге келгенде қолды жуып, сыртқы киімді ауызға шешіп кеткен дұрыс.
- Дұрыс тамақтану
Ауырудан аман болайық.