Жедел обструктивті бронхит. Жедел бронхиттің ары асқынған түрі осы жедел обструктиавті бронхит. Обструкция деген бітелу. Бронх қуысының қақырықпен және қабынып ісінген бронх қабырғасы арқылы бітелуі. Жедел обструктивті бронхитке негізінен 5 жасқа дейінгі балалар шалынады. Себебі: -иммунды жүйесі дұрыс қалыптасып үлгермейді. -бронх қабырғасы бұлшықеттері әлсіз болады, сол себепті сыртқа шығара алмайды. -бронх қуыстары тар болады, сондықтан қақырық тұрса бітеле береді. Жедел обструктивті бронхитта көп жағдайда вирустар(грип А,В,С. Парагрип, энтеровирус, аденовирус, риносенцитиальді вирустар т.б.) алып келеді. Вирустар бронх қабырғасына түскен соң барлық бронх қабырғалары қабынып ісініп, оған қоса, шырыштар(қақырық) бөлініп, барлық бронх бітеліп, ағзаға оттегі жетіспейді да, балада ентігу, гипоксия пайда болады. Жедел обструктивті бронхит алғашында жай бронхит, яғни бронх хабырғасының қабынуы болып, бронх қуыстары тарылып, бітеліп қалуы, яғни асқынуынан болады. Бұл ауруды да көп жағдайда вирус әкеледі деген сөз. Жедел обструктивті бронхиттің белгілері: -құрғақ жөтел -дене қызуы көбіне қалыпты болады. -әлсіздік, -тамаққа тәбетінің төмендеуі -балада алыстан ақ ысқырған құрған сырыл естіледі. -ентігу пайда болады. Ентігудің қатты болатыны соншалық, кеуде ішке қарай тартылып кетеді. Бұл жағдайда дәрігер келем дегенше үй жағдайында: - жылы сұйықтықты өте көп ішу керек. Сұйықтықты көп ішсе қанның көлемін ұстап тұрады, сусызданудан сақтайды, қақырықтыда жібітеді. Интоксикация әсерін төмендетеді. - мұрнына тұзды су тамызу керек. Себебі ол сілті, мұрын қуысындағы вирустарды жойып, өкпеге кетуін тежейді. Мұрын қуысын тазалау керек. Себебі мұрын бітеліп, өкпеге ауа өту төмендесе вирустар көбейіп, одан әрі асқынуға алып келеді. -вирусқа қарсы дәрілерді виферон, анаферон, эргоферон қолдануға болады. -бөлмені жиі желдетіп тұру керек. Ылғалдылығын қамтамасыз ету. Үйде ылғалдандырғыш болса жақсы, болмаса еденді жылы сумен жиі жуады және жылыту жүйесіне(отопление) ылғалды шүберек қойып отыру керек. Осы емдерді ауру бастала салысымен қолданса өте тиімді. Және тез арада дәрігер шақыру қажет, себебі ауа жетпей, ентігіп жатқан бала тез нашарлап қалады. Аурудың алдын алуы: -адам көп жүретін жерге, желдетілмейтін жерге мейлінше бармау керек. -таза ауада серуентету -мұрынға оксалин мазін жағу. Бұлда белгілі бір көлемде қорғайды. -үйге келгенде сырт киімді бірден шешіп, беті қолыңызды сабындап жуу - үйді желдетіп отыру керек.