Жедел бронхит. Жылдың салқын мерзімінде кездесетін аурулардың ішіндегі ең жиі ауыратыны жедел бронхит. Жедел бронхит вирус, бактериялардың мұрын жұтқыншақтан бронхқа өтіп кетуінен болады. Бронхит ауруына өте көп жағдайда вирустар(грип А,В,С. Парагрип, энтеровирус, аденовирус т.б.) алып келеді. Вирустар бронх қабырғасына түскен соң сол жерде көбейе бастайды, токсиндерін бөледі. Сол жерді зақымдай бастайды. Ағзада оған жауап ретінде иммунитет яғни лимфоциттерді, қорғаныш әскерлерін жібереді. Бронхтардың шырышты қабаты қабынып ісінеді. Бронхтардың шырышты қабаты қалыпты жағдайда түскен бірді екілі микробтарды бүрлерімен сыртқа шығарып тастап отырады. Ал вирустардың көптеп түсуінің нәтижесінде қабыну процесі болып, сыртқа шығаруға шамасы келмейді. Және сол жерде вируспен, қорғаныш қызметін атқаратын лимфоциттердің қырылуы нәтижесінде шырыш яғни әппақ қақырық пайда болады. Бронхтардың қабырғасы ісініп, оның үстіне қақырық пайда болуы себепті, бронхтың ауа өткізгіштігі азаяды, қуысы тарылады. Нәтижесінде гипоксияға әкеледі. Ағза оттегімен толық қамтамасыз етілмегендіктен әлсіздік, басы ауыру, көгерулер пайда болады. Вирустің көбеюі жылдам жүреді. Вирустар токсин бөліп, интоксикация синдромы пайда болады. Ал осы қабынған, қуысы тарылған жерге бактерия түссе, көбеюге қолайлы орта болып, өте тез көбейеді. Бактериалды бронхитте қақырықтың түсі сары, ірің сияқты болады. Және балаларда кеуденің бұлшықеттері толық жетілмеуіне байланысты қақырықты шығарып тастай алмайды. Жедел бронхиттің 90%-ға жуығы вирусты болып келеді. Жедел вирусты бронхиттің белгілері: -құрғақ жөтел -дене қызуы жоғарылайды, -әлсіздік, -тамаққа тәбетінің төмендеуі -мұрнынан су ағуы болады. Бронхит ауруына әкелетін 95% вирус болғандықтан антибиотик тағайындау пайда әкелмейді. Себебі антибиотик тек бактерияларға әсер етеді. Бұл жерде бірінші кезекте вирусқа қарсы дәрілерді тағайындаған жөн. Бұл жағдайда дәрігер келем дегенше үй жағдайында: - жылы сұйықтықты өте көп ішу керек. Сұйықтықты көп ішсе қанның көлемін ұстап тұрады, сусызданудан сақтайды, қақырықтыда жібітеді. Интоксикация әсерін төмендетеді. - мұрнына тұзды су тамызу керек. Себебі ол сілті, мұрын қуысындағы вирустарды жойып, өкпеге кетуін тежейді. -парацетамол. Әр кг.ға 15мгнан есептейді. -және вирусқа қарсы дәрілерді виферон, анаферон, эргоферон қолдануға болады. Және бшл жерде ең маңыздысы бөлмені желдетіп тұру керек. Ылғалдылығын қамтамасыз ету. Үйде ылғалдандырғыш болса жақсы, болмаса еденді жылы сумен жиі жуады және жылыту жүйесіне(отопление) ылғалды шүберек қойып отыру керек. Осы емдерді ауру бастала салысымен қолданса өте тиімді. Бактериалды бронхиттің вирусты бронхиттен ерекшелігі: 1) мұрнынан су, шырыш ақпайды. Вирустыда мұрнынан су немесе шырыш ағады. 2) қақырықтың түсі сап сары болады. Вирустыда аппақ. 3) Қан анализінде: лейкоцит жоғары болады және п/я бөлігі жоғарылайды. Көп ата аналар бала ауырғанда мән бермейді. Асқынып, бала әлсіреп қалғанда барып, аласұрып жылап жүреді. Себебі қатты ауырған баланың иммунитеті тез төмендейді орнына өте баяу келеді. Төмендеген иммунитетке тағы басқа вирус жұқса қарсы тұруы қиын болады. Сол себепті ауру бастала салысымен жылы сұйықтықты өте көп мөлшерде берсе, ерінбей үйді желдетіп, ылғалдандырып отырса, қақырық түсіретін дренажды массажын жасап отырса антибиотикке жеткізбей тез жазып алуға болады. Аурудың алдын алуы: -адам көп жүретін жерге, желдетілмейтін жерге мейлінше бармау керек. -таза ауада серуентету -мұрынға оксалин мазін жағу. Бұлда белгілі бір көлемде қорғайды. -үйге келгенде сырт киімді бірден шешіп, беті қолыңызды сабындап жуу - үйді желдетіп отыру керек. Ауырмайық ағайын. Деніміз сау болып, ойнап жүргенге не жетсін.

Теги других блогов: бактерии вирус жедел бронхит