Жедел респираторлы вирусты инфекцияның ішіндегі кең тарағаны және уақытында ем алмаса көптеген асқынуларға әкеліп, тіпті адам өліміне әкелуі мүмкін түрі - Тұмау (Грипп). Бұл ауру қоздырғышының 3 түрі бар. "А", "В", "С" түрі. Бұл ерекше РНКлы вирус. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы шешімімен аса қауіпті жұқпаларға жатқызылған. Әр 4-5 жыл сайын дүние жүзінде жаппай эпидемия туындап отырады. Және бұл аурудың тағы бір ерекшелігі әр екі үш жыл сайын өзгеріске (мутацияға) ұшырап отырады. Сондықтан Тұмауға қарсы салынған вакцинадан соңда кей жағдайда ауыру кездесіп отырады. Тұмау (Грипп) ауруының тағы бір ерекшелігі құстар, шошқаларда ауырып, таратқыштар қатарына жатады. Ауру қоздырғышының таралуына өте қолайлы уақыт көктем мен күз айлары. Сол уақыт құстардың қоныс ауыстыруымен сәйкес келеді. Яғни бір елден екінші елге вирус қоздырғышын таратады деген сөз. Тұмау қоздырғышы ағзаға түскенде өте тез көбейеді: 3-4 сағаттан -1 күн аралығында клиникалық көріністерін береді: -мұрын бітелуі, мұрнынан су ағу -түшкіру -көзі жасаурау -тамағы қышуы -дене қызуының қатты 40 тіпті 41.0°С.қа дейін жоғарылауы. -өте қатты интоксикация белгісі болады -бас аууыру, бұлшықеттер ауыру, буындардың ауруы. -қатты әлсіздік -тамаққа тәбетінің төмендеуі. Бұл ауру өте жылдам, агрессивті басталатын болғандықтан:тез емделмесе асқынуларға алып келеді. Аурудың емін қысқаша жазып кетем. Толықтай кешегі жалпы шолуда жазып қойғанмын. Содан оқып алуға болады. -төсектік режим -жылы сұйықтықтарды көп ішу - қызуды түсіретін дәрілер: парацетамол, ибуфен, св цефекон, эфералган т.б. Ескерту: дене қызуы 38.0°Сқа жетпесе оны түсірудің қажеті жоқ. Иммунитеттің күресуіне мүмкіндік беру керек. - Вит С (аскорбин қышқылы) -Вирусқа қарсы және иммунитетті стимулдайтын дәрілерді ауру белгісі бастала свлысымен беру керек. Ең алғашқы сағатта беру- аурудың асқынуы болмауға, жеңіл өтуге мүмкіндік береді. Анаферон, эргоферон, Виферон свеча, Арбидол, Амизон, Арпефлю т.б. Және тез дәрігер шақырып қаралу керек. Алдын алуы: - адам көп жиналатын жерге, желдетілмейтін жерге мүмкіндігінше бармау қажет. - мұрынға оксалин мазін жағу керек. - үйді жиі желдетіп, еденді ылғалдап жуып отыру -сырттан келгенде дереу киім ауыстырып, қолды сабындап жуу -таза ауада серуендеу. -дұрыс тамақтану, -Тұмауға қарсы екпе алу керек. Ауырмаңыздар. Алдын алу керек.

Теги других блогов: грипп ауру дәрілер тұмау симптомдар