Күннің суытуы мен жаңбыр, қар жаууымен қатар адамдар әсіресе балалар арасында жедел респираторлы аурулардың күшейетіні белгілі.
Қазақтар арасында бір сөзбен "салқын тиді" дейміз.
Жедел респираторлы аурулар микроб түрлеріне байланысты Вирусты (ең көп кездесетін грип, аденовирус, паравирус, ротавирус, энтеровирус т.б), бактериалды(бронхит, бронхиолит, пневмония) және ең аз кездесетін саңырауқұлақты болып бөлінеді.
Жұғу жолдары ауалы-тамшылы яғни ауру адамнан сау адамға жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде, демалғанда ауа арқылы жұғады.
Инфекция алдымен мұрынға, тамақтың шырышты қабатына түседі де, сол жерді зақымдайды. Түшкіру, мұрыннан су ағу, тамағы қышынуы болады. Ары қарай қанға өтеді. Қанға өткенде дене қызуы жоғарылайды, әлсіздік, бұлшықеттерінің ауыруы, басы ауыруы яғни интоксикация белгілері пайда болады.
Бұл жерде айта кететін жағдай көбісі ауруға мән бермейді де емделмей жүріп алады. Сол кезде асқынып, ары қарай өкпеге барып пневмония тіпті менингоэнцефалит дамуы мүмкін.
Адамдардың екінші көп қателесетін жағдайы мұрыннан су ағып, тамағы жыбырлап, дене қызуы жоғарыласа, бірінші күннен ақ антибактериалды емді бастап кетеді. Себебі антибиотик вирусқа әсер етпейді. Антибиотикті вирусқа қарсы және симптоматикалық емі әсер етпеген жағдайда 3 күннен соң 4-і күні тек дәрігердің тағайындауымен беруге болады.
Жедел респираторлы аурулардың барлығына ортақ ем:
1.қатаң төсектік режим.
2. Сұйықтықты өте көп ішу. Қайнаған су, компот, лимонмен, малинамен шәй, сорпа т.б. Себебі дене қызуы жоғарылағанда қанның сұйық бөлігі буланып ұшып кетеді да, қоюлана түседі. Қоюланған қан вирустың көбеюіне қолайлы орта. Және қан миды салқындату қасиетіне ие. Қызу ұзақ болса, қоюланған қан миды салқындата алмай құрысу(судороги) ұстамасы болады.
Суды көп ішкен адам кіші дәретке көп барады да вирус токсиндерін бүйрек арқылы шығарып тастайды.
Сол себепті сұйықтықты көп ішуі керек. Үлкендерге күніне 3 литрден төмен ішпеу керек. Ал балаларға салмағына байланысты береміз.
Балаларға мына формуланы ұсынамын. Есте сақтап алыңыздар
Балаға алғашқы 10 кг.ға дейін 100мл/кг. Яғни бала салмағы 10кг болса 1000мл-1 литр сұйықтық ішеді.
20кг.ға дейінгі балалар алғашқы 10 кг.на 100мл/кг салмаққа, ал 10 нан 20кг.ға дейін 50мл/кг салмаққа ішеді. Мысалы 16кг болса алғ 10кг.ға 100млден 1000мл, қалған 6кг.ға 50мл.ден 300мл береміз. 16кг балаға 1300мл болады.
20 кг.нан жоғары салмаққа алғашқы 10кг.ға 100мл.ден 1000мл, 10-20кг арасына 50мл/кгнан 500мл, 20дан ары қарай 1кг салмаққа 25мл.ден береміз.
Мысалы бала салмағы 24 кг болса, алғ 10кг.ға 1000мл, келесі 10кг.ға 500мл, келесі 4 кг.ға 25мл.ден 100мл. Барлығы 1600мл сұйықтық ішкізуіміз керек.
Егер балада дене қызуы жоғары болса осы мөлшерге тағы 10% қосамыз. 24 кг балада қызуы жоқ болса 1600мл берер болсақ, дене қызуы 37,6°С болса 1600+10%(160мл)= 1760мл.
3. Одан кейін дене қызуы жоғарыласа парацетамол, ибуфен, балаларға свечалар цефекон, эфералган т.б береміз.
15мг/кг салмаққа. Бала салмағы 10кг болса 150мг береміз.
4. Вирустың таралуына, көбеюіне кедергі жасауы үшін Вит С(аскорбин кислота) береміз.
5. Вирусқа қарсы және иммунитетті стимулдайтын дәрілер береміз.
Мен аптекаға барып, барлық вирусқа қарсы әсері жақсы арзан 1000тг.мен 2000тг аралығындағыларын біліп жазып отырмын. 5000тг, 7000тг тұратын дәрілерде бар. Оларды жазбадым. Балама қымбат дәрі берем десеңіздер аптекаға барсаңыздар айтады))
1) Виферон свеча
2) Анаферон таблетка
3) Эргоферон таблетка
4) Амизон таблетка
5) Арбидол таблетка т.б
5-7 күн қабылдау керек. Бұл дәрілерді дәрігер тағайындауынсыз ақ бере беруге болады. Себебі вирусқа қарсы тұрады және иммунитетті стимулдайды. Зияны жоқ.
Кейбір дәрігерлер бактериялды асқынудың алдын алу үшін бірден антибиотик тағайындайды. Олар анасы балаға дұрыстап қарамаса асқындырып алады деп ойлайтын шығар. Егер балаңызға қарауға ерінбесеңіз, ұқыпты қарап, сұйықтықты және вирусқа қарсы дәрілерді дұрыс берсеңіз асқыну болмайды.
6. Бөлмені ылғалдап, желдетіп отыру керек.
Және міндетті түрде дәрігер шақыру керек. Дәрігер баланың жағдайын бағалайды.
Бізде ең жақсы сөз барғой: ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде деген.
Аурудың алдын алу:
- адамдар көп жүретін, көп жиналатын, ауа жоқ, желдетілмейтін жерлерге мейлінше бармау керек, балаларды тіпті жолатпаған дұрыс.
- баланың мұрнына оксалин мазін жазып қою керек.
- бөлмелерді желдетіп, қайта қайта жуып отыру тиіс.
- сырттан келгенде балаға жоламас бұрын беті қолын сабындап жуу керек.
- дұрыс тамақтану, міндетті түрде ыстық тамақтан ішу керек.
- мүмкіндігінше спортпен айналысу, болмаса таза ауада серуендеу.
- күзгі Тымау маусымында емханаларда тымауға қарсы екпелер салынады. Екпе салдырып алу.
Бүгінге жалпы шолу.
Алдағы уақытта вирусты ауруларда, бактериалды аурулардың белгілері, үй жағдайында не істеу керек және алдын алуы жайлы ақпаратпен бөлісетін боламын.
Ауырмаңыздар.
Барынша бөлісіңіздер. Басқаларға да пайдасы тиіп қалар.